Ең табысты бапкер. Өзбекстан футбол құрамасының бас жаттықтырушысы отставкаға кетті

1217
Adyrna.kz Telegram
Фото: gazeta.uz
Фото: gazeta.uz

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері, словениялық маман Сречко Катанец денсаулығына байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығы (ӨФҚ) Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Катанец екі жақты келісімді тоқтату туралы шешімді өзі қабылдаған.

«Өз үндеуінде словениялық бапкер қазіргі жағдайда өз міндеттерін толыққанды және кәсіби түрде атқара алмайтынын өкінішпен айтты. Ол қауымдастыққа тұрақты қолдауы мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Катанец бірнеше рет ұлттық құраманың ресми матчтары мен жаттығу жиындарына келмеген еді. Өткен жылы денсаулығына байланысты тағы бір жиынға қатыса алмағаннан кейін, баспасөз конференциясында ол өзін нашар сезінген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді. Екі күн бұрын Катанецтің Өзбекстан құрамасының Катардағы кезекті жиынына келмегені белгілі болды. БАҚ-та бапкердің онкологиялық аурумен күресіп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Айта кету керек, Катанец Өзбекстан құрамасының тарихындағы ең табысты бапкер саналады. Оның жетекшілігімен құрам 21 ресми матч өткізіп, тек екі рет жеңіліс тапқан. Сондай-ақ, әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне барынша жақындаған еді.

Өзбекстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі жақын арада белгілі болады. Сондай-ақ, 22 ақпанда Өзбекстан футбол қауымдастығының кезектен тыс съезі өтеді. Бұл жиында ұйымның жаңа президенті сайланбақ. Бұрын бұл қызметті Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) экс-басшысы Абдусалом Азизов атқарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер