Қырық бесінші һәм қырық жетінші президент. Тағы да таққа отырған Трамп "алтын ғасырға" үндеді

1210
Adyrna.kz Telegram

20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол дәстүр бойынша арнайы өткен ұлықтау рәсімінде президенттің міндеттерін адал орындауға және ел конституциясын қорғауға ант берді.

«Салтанатты түрде президент міндеттерін адал орындауға және АҚШ конституциясын сақтауға, қорғауға ант етемін. Маған құдай жар болсын!»—деді ол.

Сондай-ақ басшы өз сөзінде дәл қазір Американың алтын ғасыры басталып жатқанын атап өтті.

"АҚШ-тың алтын ғасыры дәл қазір басталды. Біз бүгіннен бастап біз гүлденеміз, барлығы бізге қызғана қарайтын болады" деген Дональд Трамп президент ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде. Ол Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялап, елді "басқыншылардан қорғайтынын" баса айтқан.

"Тарихи жарлықтар" шығаратынын білдірген ол  федералдық деңгейде өлім жазасын қайта енгізетінін жариялады. Бұған қоса ресми түрде тек екі жынысты ғана мойындайтынын мәлімдеді.

"Мексика бұғазының атауын "Америка бұғазы" деп өзгертеміз" деген ол "Панама каналын қайтарамыз", "АҚШ туын Марсқа тігеміз" деп бір тоқтады. Трамп АҚШ әскерінің күші соғыстағы жеңістермен ғана емес, "соғыстарды алдын алғанымен" өлшенеді дегенді атап көрсеткен.

"Егемендігімізді қайтарып, қауіпсіздігімізді нығайтамыз. Америка тарихта болмаған деңгейде ұлы елге айналады. Американың құлдырауы тоқтайды" деген Трамп.

Трамп былтыр өзіне жасалған қастандықты да еске салып, "Американы қайта ұлы елге айналдыру үшін өзін құдай сақтап қалғанын" айтты. Ол инфляцияны азайтып, баға өсімін тоқтатуға уәде берді. АҚШ президенті үкімет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа министрлік құрылатынын да айтқан.

Вашингтонда өткен инаугурацияға Трамптың жақындары – жұбайы мен балалары қатысты. Сондай-ақ экс-президент Джо Байден, бұрынғы вице-президент Камала Харрис, бұрынғы президенттер Барак Обама (2009-2017), Билл Клинтон (1993-2001), кіші Джордж Буш (2001-2009) және экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон да келді. Әлемге әйгілі бизнесмен Илон Маск та салтанатты жиынның құрметті қонақтары қатарында болды.

АҚШ конституциясы бойынша, бұрынғы президенттің қызметі 20 қаңтарда Вашингтон уақытымен сағат түскі 12:00-де аяқталып, сол уақытта жаңа президент қызметіне кіріседі. Трамп бұл жолы екінші рет президенттікке ант берді. Ол 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-ші президенті міндетін атқарған еді. Сонда ол "Американың ұлылығын қайтарамыз" деп ұрандаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер