Моңғолияда 3 мыңға жуық адам митиңгіге шықты

412
Adyrna.kz Telegram
Сурет: X.com/newspressmn
Сурет: X.com/newspressmn

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда 3 мыңға жуық адам жиналып, наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шерушілер үкіметтен сыбайлас жемқорлықпен күрес, жолдағы кептелістерді азайту, салықтарды төмендету сынды мәселелерді шешуді талап етіп отыр. Олар қазіргі билік өкілдерімен сындарлы диалог жүргізуден және қандай да бір түсініктемелерді қабылдаудан бас тартты.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, наразылық акциясы 12 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11:00-де басталып, кемінде он сағатқа созылған.

«Монгольский узел» Telegram-арнасы үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылықтар кем дегенде 22 қаңтарға дейін жалғасуы мүмкін екенін жазды.

Еске сала кетейік, бұл елде 2022 жылдың желтоқсанында  да осындай жаппай наразылықтар өткен болатын.

Пікірлер