Экс-президенттің қызы басқа колонияға ауыстырылды

264
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова Ташкент облысының Зангиатин ауданында орналасқан №41 түзету мекемесіне ауыстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін Каримова №21 әйелдер колониясында жазасын өтеп келген. Колониядан кетер алдында Гүлнара Каримова жақын араласқан сотталған әйелдермен қоштасып, олармен құшақтасқан. Оны колония басшысы Гүлрух Каримова және жазаларды орындау басқармасынан келген өкілдер шығарып салды.

"Гүлнара 5-6 чемоданымен бақытты күйде кетті. Түрмеде жақын араласқан құрбыларымен құшақтасып, қоштасты. Каримованы колонияның бастығы Гүлрух Каримовамен ГУИН-нен  келгендер оны шығарып салды", – деді сотталған әйелдердің бірі

Сотталған әйелдердің айтуынша, Каримованың ауысуы 2023 жылдың 19 желтоқсанында Ташкент облысының Зангиатин аудандық сотының шешімімен жүзеге асқан. Бұл шешім Өзбекстан қылмыстық кодексінің 74-бабы (жазаны жұмсарту) негізінде қабылданған.

Дегенмен, Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі, жазаларды орындау департаменті және омбудсмен кеңсесі бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

Түрме қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Гүлнара Каримова жазасын өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Ол мекеме ережелерін жиі бұзып, көптеген сөгіс пен ескерту алған. Кей деректерге сәйкес, оның ауыстырылуы колония әкімшілігінің өтініші негізінде жүзеге асқан. Каримова бұл колонияда жазасының үштен бір бөлігін өтеген.

Пікірлер