10 жылдан соң. Алматы әуежайында қытайша ақпарат пайда болды

666
Adyrna.kz Telegram

Алматы халықаралық әуежайы қытай тілінде де қызмет көрсете бастады. Бұл туралы экожурналист, саяхатшы Мәдина Әшилова Facebook желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Әзірге ресми мәлімет берілмеді.

«Ішкі рейстер таблосы қытайша жазылған ба? Рас па? Бір сәтте Қытайда жүрмін бе деп ойланып қалдым. Таблоға қарай жақындасам, ақпарат қытай тілінде көрсетілген. Бірден абдырап қалдым. Бірақ Алматыда екенімді еске түсіріп, есімді жидым»,—деді ол.

Еске салайық, өткен жылдың шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Көлік министрлігі әуежайлар мен вокзалдардағы туристік бағыттар туралы брошюраларда қытай тілінде ақпараттың болуын қамтамасыз ету тапсырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министр Марат Қарабаев туристерді тіркеу үшін қосымша есептегіштер орнату және ірі әуежайлар мен вокзалдарға қытай тілін білетін қосымша мамандарды тарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Алматы әуежайында рейстер таблосын қытай тілінде ұсыну бастамасын 2015 жылы бұрынғы қалалық туризм бақармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев  көтерген еді.

Пікірлер