Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах Моңғолия азаматтығын алуға өтініш берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы желтоқсан айында Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, 2021 жылы Отанына оралған болатын. Қазіргі таңда ол Ұлан-Батырда жаттықтырушы қызметін атқарады. Спортшының дзюдо клубында 100-ден аса жас спортшы тәлім алады.
Айта кетейік, Моңғолияда туып-өскен балуан Қазақстан азаматтығын 2015 жылы алған еді. Ол бұған дейін бұл шешімге бала арманы себеп болғанын жеткізді.
«Арманым олимпиадаға бару болды. Ата-анам Қазақстан азаматтығын алуыма қарсы болған жоқ, туысқандарым түсінді. Қазақстанға келгеніме өкінбеймін. Мені жылы қабылдаған Қазақстан жанкүйерлеріне алғысымды айтамын»,—деді Галбадрах.