Ақтаудағы апаттан соң. Қытай азаматтық авиациясы қауіпсіздік шарасын күшейтті

1233
Adyrna.kz Telegram
Фото: report
Фото: report

Қытай азаматтық авиация басқармасы (УГА) соңғы уақытта Әзербайжан мен Оңтүстік Корея әуе компанияларында орын алған әуе апаттарынан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы басқарманың қауіпсіздік директоры Шу Минцзян мәлімдеген.

"Соңғы ірі әуе апаттарына байланысты біз жедел отырыстар өткізіп, қауіп-қатердің алдын алу шараларын күшейттік. Осы мақсатта біз қауіпсіздікке қатысты төтенше жағдайларға жылдам әрекет етуді талап ететін бағыттарға басымдық берудеміз", – деді Шу Минцзян баспасөз мәслихатында.

Басқарма елдің барлық әуежайларында тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, ұшу-қону жолақтарындағы қауіптерді жан-жақты анықтау үшін шаралар қабылдады. Шу Минцзянның айтуынша, әуежайларда құстарды үркіту және олардың әуежай аумағына кіруіне жол бермеу бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

"Төтенше жағдайларды жою бойынша оқу-жаттығу шараларын күшейтіп, шұғыл әрекет ету тиімділігін арттырамыз", – деп қосты ол. Сонымен қатар, УГА жүйелі шараларды іске асыруға назар аударып, авиация қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыруды қамтамасыз ететінін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер