«Мұқият талқылау қажет». Президент уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

1280
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тоқаев уақыт белдеуіне қатысты жағдайды көріп-біліп отырғанын айтты. 

”Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды. Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттігі айтылған. Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Сондықтан Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін”, – дейді Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін бірыңғай уақытқа көшудің халық денсаулығына әсерін зерттеу басталғаны хабарланған болатын. Бұл туралы биомедицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, метрология және медицина саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өткен «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында белгілі болды. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, зерттеу уақыт режимі өзгерістері қазақстандықтардың физикалық және психикалық денсаулығына, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерге әсерін зерттеуге бағытталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер