Тоқаев Дағыстандағы терактіге байланысты Путинге көңіл айтты

1472
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы православие шіркеулері мен синагогаға жасалған, діни қызметкерлер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қазасына әкеп соқтырған лаңкестік әрекеттерге байланысты шын жүректен көңіл айтты», - делінген дүйсенбі күні хабарламада. 

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге көмектесуді ұсынды.

Президент атап өткендей, Қазақстан бұл адамгершілікке жатпайтын әрекетті қатаң айыптайды және БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында терроризмге қарсы күресте көпжақты ынтымақтастықты дамытуды жақтайды.

Пікірлер