Зардап шеккендер бар. Алматыда жеңіл көлік дәмханаға соғылды

2310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/346949637279517-960x500.jpeg?token=b3374e23c7ab69229f8dff1e83c980c5
Алматыда жеңіл көлік шәйханаға соғылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 28 желтоқсанға қараған түні жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы түнде Алматыдағы Яссауи-Трудовая көшесінің қиылысында болған. Нақтырақ,  Трудовая көшесімен батыс бағытта келе жатқан Toyota Matrix көлігі белгіге қарамастан, Яссауи көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан Hyundai Sonata көлігін өткізбеген. Hyundai жеңіл көлігі Трудовая көшесіне шығып кетіп, Toyota Matrix-ке соғылған. Қатты соққыдан бұл көлік шайханаға соғылған – дәмхананың қабырғасын бұзып өтіп, ішіне кіріп кеткен. Жол-көлік апатынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген. Дәмхана иесі оған себеп бағдармашның жоқтығы деп есептейтінін айтты.
Пікірлер