Алматыда 25-қабаттан қыз секіріп кетті. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген іім хабарламасында.
”Адырна” ұлттық порталы