«Елге қайтаруға әзірміз». Сирияда 30-дан астам қазақстандық бар

253
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазіргі таңда Сирияда 33 Қазақстан азаматы қалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, олардың көбі — кезінде Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, балалы болған қазақ әйелдері.

«Қазақстандықтардың саны, қателеспесем, 33 адамға жетеді. Одан аспайды. Таяу Шығыстағы азаматарымызбен байланысып отырмыз. Жерлестеріміздің қауіпсіздігі жіті бақылауда. Қажеттілік туындаса, кез келген уақытта елге қайтаруға әзірміз»,—деді Бақаев.

Пікірлер