DULAT BAKISHEV: Оңтүстік Корея. Бұл - кескілескен ішкі саяси шайқастың белгісі

377
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мырза жаңа бір әзірде елде әскери жағдай жариялады. Әрине, бұл шара әдеттегідей "демократияны қорғау үшін" жасалды.

КХДР жақтастары "мемлекетке қауіп төндірмекші" екен...

Саяси іс - қимылға шектеу қойылды.

Әскерилер парламентке оппозиция өкілдерін кіргізбей жатыр. Оппозицияның ойынша, бұл - "Конституцияға қарсы шара".

***** *****

Соңғы кездері РФ пен КХДР арасындағы ынтымақтастықтың күшеюі О.Кореядағы ішкі саяси жағдайды ушықтырып келді.

Президентке қарсы жасалмақ импичменттің уақыты да жақындап қалған еді...

*****

Бұл - кескілескен ішкі саяси шайқастың белгісі. Қатты ушыққан түрі. Соңғы рет әскери жағдай 1979 жылы жарияланған болатын. Әрине, бұл күтпеген жағдай болды. Төбеден жай түскендей...

Жетекші партия басшысы да бұл шешімге қарсы.

Соңғы 30 жыл төңірегінде Халық демократияға үйреніп қалған еді. Ертең біраз нәрсенің басы ашылар. Себебі, бізде қазір түн...

Dulat Bakishev

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер