Қазақстанның экс-президенті 13 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путин Ново-Огаревода кездесу өткізіп, сыртқы саясатты талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы 14 желтоқсанда Кремльдің ресми сайтында хабарланды.
«Ново-Огаревода Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді», – делінген хабарламада.
Известия мәліметінше, кездесу барысында талқыланған мәселелер туралы толық мәлімет берілмеген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында бұл кездесу туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, 2023 жылдың 16 желтоқсанында экс-президент Назарбаев Мәскеуге барған. Кейіннен Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жабық кездесу өткізген болатын.
Ал 2022 жылы экс-президент Назарбаев президент Путинмен кездескен соң:
"Мен туралы көптеген БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға келер болсақ, 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Содан бері мен зейнеткермін", - деп мәлімдеген.
Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путиннің ресми кестесінде Сирияның бұрынғы президентімен кездесу жоқ екені, сол себепті ол Башар Асадты қабылдамағаны хабарланған болатын.