Марқұм Шерзаттың әкесі ауруханаға жеткізілді

348
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлтттық порталы.

Өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаймын деп қорқытқаннан кейін, оны полиция қызметкерлері ұстап әкеткен еді. Ол бірнеше сағат бойы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесінде болды. Онда Қаржаубай Нұрымовпен психологтар жұмыс істеді. Алайда, оның жағдайы жақсарған жоқ.

Кейінірек оны жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оның жанында адвокаттары бар.

Каржаубай Нұрымовқа қоғамдық тәртіпті бұзу, бейәдеп сөздер айту және адамдарға тиісу бойынша әкімшілік іс қозғалды. Істің материалдары сотқа жіберілді. Нұрымов 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Пікірлер