Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқынның мәселесін қозғай ма?!

3387
Adyrna.kz Telegram
"Қытай жобаларына" наразылық өршіп тұрған тұста 11 қыркүйек күні Тоқаев Қытайға барды.

Бұл жөнінде Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли "Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған" деп Қытайға не үшін барғанын нақтылап өтті.

Нәтижесінде Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесіп, 10 маңызды құжатқа қол қойды. Ең көңіл қуантарлығы, Тоқаев қытай тілін жетік меңгере тұра, өз қазақ тілінде мүдірмей сөйледі.

Осы орайда Президент Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың да мәселесін шешіп келер деген көңілде жылт еткен үміт пайда болған еді. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Тоқаев Ақжарқынды түрмеден шығарып әкелуге кеткен шығар" деген түрлі талқылаулар да жүріп жатыр. Себебі 3 қыркүйек күні Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өткенімен, әлі шешімі шығарыла қоймаған.
Сондай-ақ,  Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова 9  қыркүйек күні президентке видео-жолдау жолдап, көмек сұраған еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер