АҚШ президенті Джо Байден Сирияда Башар Асад жүйесінің құлауын «әділетті болды» деп бағалап, өтпелі кезеңде елді қолдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Байден қазіргі таңда Сирияның тарихи өзгерістердің алдында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ елдегі жағдайдың өте тұрақсыз екеніп айтып, ахуалдың жоғары тәуекелдерді қамтитынын жеткізді.
«Ақыры Асад жүйесі құлады. Бұл жүйе жүздеген мың бейкүнә сириялықтың өмірін жалмады Жүйенің құлауы әділет орнағанын білдіреді»,—деді Ақ үй басшысы.
Одан бөлек, Джо Байден Сирияның биліктен кеткен басшысын жауапқа тарту керек деп санайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін шетелдік БАҚ Башар Асад Мәскеуден пана тапты деген ақпарат таратқан еді.