Белгілі продюсер Баян Алагөзова танымал америкалық тревел-блогер Коннор Кампергиниді қонақ қылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол жылы кездесудің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Белгілі тревел-блогерді қарсы алдық, оған ұнады деп үміттенемін. Ол өзі бізге қонаққа келгісі келетінін айтқан, біздің үй қаланың көрікті орындарының біріне айналған сияқты. Блогердің пікірін күтеміз», – деп жазды продюсер.
Алагөзова шетелден келген қонақты киіз үйде мол дастарханмен қарсы алды. Блогерге қазақтың ұлттық киімі мен ұлттық аспабы таныстырылды. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрлері туралы ақпарат берілді. Кеш соңында қонаққа дәстүрлі сыйлық — шапан тарту етілді.
Ұқсас жаңалықтар
