Өзбекстан президенті 1,5 мыңға жуық сотталушыға рақымшылық жасады

568
Adyrna.kz Telegram

6 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Конституция күніне орай «Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкінетін және өмірін өзгертуге бет алған адамдар тобына рақымшылық жасау» жарлығына қол қойған болатын. Осылайша биыл президент рақымшылық жасаған азаматтар саны 1431 адамға жетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Fergana.news-ке сілтеме жасап.

Күні кеше қабылданған жарлыққа сай, 483 адамға рақымшылық жасалды. Олардың ішінде 107 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 275 адам мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады. Одан бөлек, 7 адамның жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айырылған 94 азаматтың мерзімдері қысқарды.

Рақымшылыққа ілінгендердің ішінде 18 шетелдік, 23 әйел, 60 жастан асқан 15 ер адам мен тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 88 адам бар.

«Бұл - елімізде жүргізіліп жатқан гуманизм саясатының және халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі»,—деді Шавкат Мирзиёев.

Пікірлер