7 қараша күні АҚШ-та қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышбаев қайтыс болды. Қаралы хабарды баспагер Бақытжан Бұқарбай жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев (1931-2024) екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз»,—деп жазды ол.
Айта кетейік, Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбек пен авторлық куәліктердің иесі. Сондай-ақ ҚБТУ мен ҚазҰТУ-дың докторлық қорғау бойынша бірлескен диссертациялық кеңесінің де мүшесі болып сайланған.