Кешігуі бір бөлек жыр. Қош, оған да етіміз үйренді. Аман-есен жетсек екен дейтін болдық…
Ал бағаларды бұлар шынымен де аспаннан алады! Билет бағасынан бөлек, орын таңдауын қосымша ақша, қол жүгін 5 келіден 500 грамм асып кетсе, тағы да ақша. Билет аларда аты-жөнде 1 әріпке қате кетсе, оны түзеу үшін ақша төлеу керек. Онлайн емес, барып тіркеуден өтсеңіз ақша! Ішіне отырып, қара су ішкіңіз келсе ол да ақша. Бір байқағаным, бұлардың мәзір дизайны ауысқан сайын, бағаны да өсіре береді екен. Әр отырғанда суретке түсіріп алатыным бар еді. Суретті жылжытып, бағаны салыстырайық:
Наурыз айында 800 теңге тұрған сникерс, m&m, твикс қазір неге 1500 теңге болып кетті? Өсім шамамен 90%!
500 теңге тұрған шай бағасы неге 40%-ға өсіп кеткен?!
“Роллтон” картоп езбесі 700 еді, өткен аптада 1000 теңге. Өсім 42%!
“Нарын” кеспесі наурыз айында 1500 теңге, қарашада 2000 теңге. Өсім 33%!
“Piko” шырыны өткен айда 600 теңге еді. Желтоқсан айында 1000 теңге. Өсім 65%
Осындай мысалдар толып жатыр! Антимонополиялық комитет қайда қарап отыр?! Барсыңдар ма, өзі? Баға қашанға дейін аспандай бермек?!
Әу баста халықтық деп ашылған әуе компаниясынан жалықтық!