Боранбаевтың Алматыдағы бұрынғы сауда орталығы музейге айналмақ

888
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған "Алмалы" сауда орталығы қайта құрылып, балаларға арналған ғылым музейі болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының базасында ТМД-дағы балаларға арналған алғашқы ғылым музейін Science Museum Singapore ұйымымен бірлесіп құру жұмыстары басталады», – деді ол.

Жобаны жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 12,2 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, "Алмалы" СОО бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған. 2023 жылы ол бұл нысанды басқа активтерімен бірге мемлекетке өз еркімен тапсырды. Ғимарат ұзақ уақыт бойы жабық тұрып, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қатты зардап шеккен.

Еске салсақ, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа «ҚазТрансГаз» АҚ қаржысын талан-таражға салу және заңдастыру ісі бойынша үкім шығарып, оның мүлкі тәркіленіп алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер