Қытай азаматы «Маңғыстаумұнайгаз» директоры болып тағайындалды

708
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 2 желтоқсанда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы жоғары буын және бөлімшелер басшыларын ротациялау жүзеге асқанын мәлімдеді. Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда туған. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған.

2005-2024 жылдар аралығында «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілген.

2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Одан бөлек, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып Болат Сейтмағанбетов тағайындалды.

1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша, Алматы менеджмент университетін (іскерлік әкімшілік магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған. Бұл мекемеде әр жылдары инженер-технолог, жетекші инженер, цех бастығы, өндірістік басқарма бастығы болып жұмыс істеген. 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Пікірлер