Қазақстан нарығына Soueast отбасылық кроссоверлер бренді ресми түрде енуде. Ынтымақтастық аясында Allur зауытының Қостанай қаласындағы өндірістік алаңында Soueast автомобильдерін шығару басталды. Бұл қадам Қазақстандағы автомобиль индустриясын дамыту және жергіліктендіру деңгейін арттыру жолындағы маңызды кезең саналады.
Компания өкілдерінің айтуынша, стратегиялық келісімге қол қою және Қостанайдағы Allur алаңында өндірісті іске қосу жаңа даму кезеңінің басталуына жол ашады.
«Біз отбасы мен адамның қажеттіліктеріне бағытталған заманауи кроссоверлер брендін нарыққа ұсынамыз. Soueast автомобильдері технология, қауіпсіздік және жайлылықтың үйлесімі арқылы қазақстандық тұтынушылар арасында лайықты орын алады деп сенеміз», – деп мәлімдеді Allur компаниясы.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 2026 жылдан бастап Қазақстандағы Soueast ресми дистрибьюторы ел аумағында дилерлік желіні дамытумен айналысады. 2026 жылдың екінші тоқсанында Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен және Атырау қалаларында дилерлік орталықтар ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта дилерлік кәсіпорындарды бренд стандарттарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Тұтынушыларға бірнеше үлгіден тұратын кроссоверлер желісі ұсынылады. C-SUV сегментінде Soueast 06 және Soueast 07 модельдері, ал D-SUV сегментінде Soueast 09 ұсынылады. Бұл автомобильдер заманауи дизайнмен, жоғары технологиялармен және қауіпсіздік деңгейімен ерекшеленіп, бүкіл отбасының жайлылығына бағытталған.
Бренд туралы
Soueast – адамдардың өмір салты мен таңдауына бейімделген отбасылық әрі технологиялық автомобиль бренді. Компания 1995 жылы құрылған және Қытайдағы алғашқы автомобиль өндірушілердің бірі саналады. 2004 жылдан бастап халықаралық нарыққа шығып, бүгінде 30 жылдан астам тәжірибеге ие. Жалпы сатылым көлемі 1,57 миллионнан асады.
Үлгілер қатары
Бренд әртүрлі өмір салтына арналған, бірақ ортақ философиямен – жайлылық, сенімділік және қолданудың жеңілдігімен біріктірілген кроссоверлер ұсынады. Модельдер SUV-C және D-SUV сегменттеріне жатады, яғни қала ішінде маневрлік және қала сыртында жайлылықты үйлестіреді.
Автомобильдер 1.6 және 2.0 литрлік заманауи турбоқозғалтқыштармен жабдықталған. Олар қуат, динамика және жанармай тиімділігінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді. Топтамаға 5 орындық және 7 орындық үлгілер кіреді, бұл тұтынушыларға өз қажеттілігіне сай таңдау жасауға мүмкіндік береді.

4WD толық жетекті жүйе кез келген ауа райында – жаңбыр, қар немесе жолсыз жерлерде – сенімділікті арттырады. Ал 8 сатылы автоматты беріліс қорабы қозғалыстың бірқалыптылығын және басқарудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.


