Қазақстандық ауыл мұғалімі АҚШ әншісінің саунд-продюсері атанды

692
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы ауыл  мұғалімі Ерқанат Садуаханов танымал шетелдік әнші Ники Минаждың саунд-продюсері атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ерқанат Садуаханов – Абай атындағы арнайы мектеп-гимназия-интернаттың биология пәнінің мұғалімі. Ол музыка әлемінде Eraholic деген лақап атпен танымал. Жас педагог өзінің әлеуметтік желісінде Ники Минаждың Pink Friday 2 альбомының делюкс-нұсқасының саунд-продюсері болғанын ресми түрде хабарлады.

Ол бұрын да Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Лиса сияқты әлемдік жұлдыздармен ынтымақтастықта жұмыс істеген. Енді Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалықтар ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Альбомды 2024 жылдың 13 желтоқсанында шығару жоспарланған. Кеңейтілген шығарылым 2023 жылғы түпнұсқа альбомының мерейтойына арналып, тыңдармандарға жаңа композициялар ұсынатын болады. Ерқанат Садуаханов халықаралық жобаларда өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, педагогикалық қызметімен сүйікті ісін табысты үйлестіруде.

Ники Минаж – әлемдегі ең табысты рэп орындаушылардың бірі. Ол көптеген марапаттардың иегері, оның ішінде ASCAP сыйлығының ең үздік хип-хоп орындаушысы ретінде жеңісі бар. Жақында ол Эминемді озып, ең көп қаралған рэпер атанды.

Пікірлер