Қазақстан шетел азаматтарының елде тұруы үшін талаптарды күшейтпек

261
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

2024 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Қазақстан шетел азаматтарына ережені күшейтпек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің өзгертілген ережелері күшіне енеді.

Ішкі істер министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, уақытша тұруға рұқсат алу үшін бірқатар құжат ұсыну қажет. Олар: өтініш формасы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);• медициналық сақтандыру көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады, ЕАЭО елдері азаматтары үшін талап етілмейді),  егер өтініш беруші тұрғын үй алаңының меншік иесі болмаса, тұрғын үй иесінің тұруға нотариалды куәландырылған келісімі, саусақ ізін өткізгені туралы анықтамасы.

Құжаттар тізімі келу мақсатына байланысты өзгереді.

Енді Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген азаматтар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат пен біліктілігін растайтын басқа да құжаттарды ұсынуы керек.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда болу құжатын алғысы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін саусақ ізін тіркеу міндетті.

Пікірлер