69 жастағы студент Түркиядан Қазақстанға қазақ тілін үйренуге келді

1626
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Түркия азаматы қазақ тілін үйрену үшін Қазақстанға арнайы көшіп келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri.news-ке сілтеп.

Кадрие Ишыклы – Түркия азаматы, Ыстамбұл қаласының тұрғыны, үш баланың анасы. Қазіргі уақытта ол Түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы университеттің Дайындық орталығының тыңдаушысы. Кадрие ханым университет тарихындағы ең үлкен жастағы студент болып, жастарға үлгі.

Кадрие Ишыклының айтуынша, түркі халықтарының елдері, мәдениеті және дәстүрлеріне деген қызығушылығы оны Түркістанға білім алуға жетелеген. Қазақстанға келгеніне небәрі бір жарым ай болса да, ол қазірдің өзінде қазақ тілін түсіну деңгейіне жеткен.

«Қазір қазақ тілін үйреніп жатырмын. Түркі елдерінің мәдениетімен танысқан ұнайды. Мұнда қазақ тілін меңгеріп, мәдениетін танып, кейін бауырлас елдерді аралағым келеді», – дейді ол.

Бұған дейін Кадрие Ишыклы Түркияда «туризм» мамандығы бойынша жоғары білім алған және әлемнің 20-ға жуық елін аралаған. Ендігі мақсаты – Орталық Азияны зерттеу. Осыған орай, Ахмет Ясауи университетінде «туризм» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанға келген бойда Кадрие Ишыклы жаңа ортаға тез бейімделіп, барлығымен оңай тіл табысқан. Дайындық орталығының оқытушылары оның білімге деген ашықтығы мен қазақ тіліне жоғары қызығушылығын ерекше атап өтуде.

Кадрие Ишыклының батыл шешімі жастарды шабыттандырып, білім алуға ешқашан кеш емес екенін дәлелдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер