Сириядағы қақтығыстар. Қарулы топтар Алеппо мен Идлибте 70 елді мекенді басып алды

1414
Adyrna.kz Telegram
Фото: msk-news.net
Фото: msk-news.net

Сирияда Башар Асад режиміне қарсы қарулы оппозиция топтары мен үкімет күштері арасында қарулы қақтығыстар жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Anadolu Ajansı агенттігіне сілтеп.

Үш күнге созылған шайқастар барысында оппозиция топтары Алеппо және Идлиб провинцияларында кемінде 70 елді мекенді өз бақылауына алған.

27 қарашада Алеппоның батысындағы үкімет әскерлері мен қарулы топтар арасында қақтығыстар басталып, қарулы оппозиция күштері Алеппо қаласының орталық аудандарына дейін жетті. Олар кешке қарай қала орталығындағы Садалла әл-Джабири алаңына кірген.

Көтерілісшілер Алеппо провинциясындағы үкімет бақылауындағы аймақтарға кең ауқымды шабуыл жасады. Соның салдарынан 130 адам қаза тапты. Қақтығыстар әсіресе Алеппо мен Идлиб аумақтарында күшейіп, елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі тұрақсыздықты тереңдетіп отыр.

Үш күнге созылған қақтығыстар аймақтағы гуманитарлық жағдайды одан әрі нашарлатып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндірді. Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтың назарын қайтадан Сириядағы шиеленіс пен оның салдарына аударуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер