Украина НАТО-ның қолдауымен оккупацияланған жерлерін дипломатиялық жолмен қайтара алады - Зеленский

1014
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский елдің бақылауындағы аумақтарды НАТО-ның қауіпсіздік кепілдігіне алу арқылы соғыстың «қызу кезеңін» тоқтатуға болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sky News басылымына сілтеп.

Бұл туралы Украина басшысы 29 қарашада мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Украина өз аумағын НАТО «қолшатырының» астына жылдам енгізсе, уақыт өте оккупацияланған жерлерді дипломатиялық жолмен қайтаруға мүмкіндік туады.

Украина Солтүстікатлантикалық альянс құрамына енсе, Ресей президенті Владимир Путин басып алған аумақтарды қайтару үшін жаңа шабуылдар жасай алмайды. Егер НАТО тарапынан қауіпсіздік кепілінсіз соғысты «тоқтату» келісімі жасалса, Украинаға жаңа қауіп төнуі мүмкін.

Зеленский оккупацияланған аумақтардан бас тарту туралы әңгіме жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, Украина халықаралық мойындалған шекараларында, оның ішінде аннексияланған Қырымды қоса алғанда, НАТО-ға мүше болуы тиіс.

«Біз ешқашан өз жерімізді қандай да бір статусқа айырбастамаймыз. НАТО-ның қолдауымен Украина бұл жерлерді дипломатиялық жолмен қайтарып алады», – деді Зеленский.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату жоспарына жауап ретінде айтылды. Трамптың жоспары бойынша, Украина НАТО-ға мүше болу үшін кейбір аумақтарды Ресейге қалдыруға келісе алады деген пікір талқыланған еді.

Айта кетейік, Украина алғаш рет америкалық ATACMS зымырандары арқылы Ресей аумағына соққы берген болатын. 

Пікірлер