Келесі аптада Украина Херсонды азат етеді - АҚШ

2836
Adyrna.kz Telegram

АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің әскери шенеуніктері Украина алдағы аптада ресейлік басқыншыларды Херсон облысынан азат ететін айтты. Бұл туралы Financial Times жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Украина күштері Ресейдің Херсон облысындағы майдан шебін қазан айының басында бұзып-жарып өтті. Сол кезде оны Ресей Қорғаныс министрі мойындады. Бұл Украинаның ақпан айында РФ қарулы күштерінің басып кіргелі уақыттан бергі оңтүстіктегі бірінші мәрте ілгері жылжуы болды. Сол мерзімнен бері Украина Днепрдің батысындағы территорияның айтарлықтай бөлігін қайтарып алды”, – делінген хабарламада.

Егер украин жауынгерлерінің қарқынды шабуылдары жалғаса берсе, Батыс әскерилерінің болжамы бойынша, Украина алдағы аптада Херсоннан Днепрге дейінгі аралықты қайтарып ала алады.

Сондай-ақ, Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» жедел командованиесі Херсон облысының тағы бес елді мекенінің Ресей басқыншыларынан азат етілгенін, ресейлік  бақылау бекеті мен командалық-бақылау орталығының және екі буксирлі гаубицасының жойылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Украина соғыс басталғалы бері Ресейден 1 620 елді мекенді азат етті. Соның ішінде Херсон өңірінде 72 ауыл-аймақ қайтарылды.

Пікірлер