Жітіқарада өрт салдарынан бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Информбюроға" сілтеме жасап.
Жітіқара ауданының әкімі бес баласынан айырылған анаға материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленгенін мәлімдеді.
Үлкен ұлымен үйсіз қалған әйелге, екі кәсіпорын екі бөлмелі пәтер сыйлаған. Одан бөлек, тұрмыстық техника мен жиһазбен қамтамасыз етілген. Балалардың әкесі жақында түрмеден босатылған.
"Всеобуч" қоры арқылы балаға 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілді, оны киіндіріп, аяқ киіммен қамтамасыз еттік. Бұл қайғылы жағдайдан аман қалған үлкен ұлы мектепке барып жүр. Астана қаласынан келген кәсіпкерлер бізге хабарласып, балаға шағын депозит ашқысы келетіндерін айтты. Қазіргі нақты шешімді білмеймін, бірақ олар өздері бастама білдірген”, – дейді Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жанысбаев.
Еске сала кетейік, осы жылдың қазан айында Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан үй шатыры опырылып түсіп, бес бала қаза тапқан.