Астанада Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды "Адырна". Видео astana.city парақшасында жарияланды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 15:08-де Хусейн бен Талал көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы Есіл ауданындағы жаңа ғимараттан түтін будақтағаны жайлы хабарлама бойынша өрт сөндіру бөлімшелері сағат 15:08-де әрекет еткен.
«Өрт сөндірушілер келген соң, алдын ала 200 шаршы метр аумақта салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдарының жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұқсас жаңалықтар
Астанадан жақсы хабар күтуге дағдылануымыз керек. Астана Кеңестер кезіндегі Мәскеу, Алматы сияқты жақсылық жасайтын басты орталық сезінуі шарт.
Астанада зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті