Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

1551
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Сондай-ақ, Полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда ер адам № 126 қоғамдық көлік ішінде телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелге жұдырық жұмсағаны туралы видео тараған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер