Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.
Сондай-ақ, Полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда ер адам № 126 қоғамдық көлік ішінде телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелге жұдырық жұмсағаны туралы видео тараған еді.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
