Қазақстандағы түрмелердің бірінде теракт жасалмақ болған

171
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰҚК
Сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы бүгін ҰҚК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Белгілі болғандай, қамауда отырған фигуранттардың бірі терракт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.

«Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды»,—делінген хабарламада.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыда аталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Пікірлер