"Ешкім оны ренжітпеп еді..." Ақтөбеде қаза тапқан сарбаз анасының үндеуі

5680
Adyrna.kz Telegram

24 қараша күні Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерт болған мерзімді әскери қызметкердің анасы үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ирина Боровецтің айтуынша, ұлы сәуір айында әскери міндетін орындауға кеткен. Әйел бейнеүндеуінде баласының әскерде қысым көрмегенін атап өтті.

«Андрей жақсы қызмет етті. Ешкім оны ренжітпеді, барлығы жақсы болды. Үнемі қоңырау шалып, сондағы мән-жайды айтып беріп отырды. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жаман жайттардан қорғап, басын жаман жаңалықпен ауыртпаңыздар. Олар алаңсыз борышын өтесін»,—деді марқұмның анасы.

Сондай-ақ әйел қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеген» деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Мен ұлымды сот-медициналық сараптамасын жасамастан бұрын көрдім. Ешқандай жарақаты да, соққы іздері де болған жоқ»,—деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат таратқан еді.

Пікірлер