Солтүстікте 45 ауыл қысқартылып, картадан жойылады

1133
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар" агенттігіне сілтеп.

Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шыққан.

Солтүстік Қазақстан облысында "жабылайын" деп тұрған ауылдың бірі - Краснопёровка. Ауыл тұрғыны ауылдан көшкісі келмейтінін айтқан.

“Мен өзім қалада тұра алмаймын. Көп болсам, қан қысымым көтеріліп кетеді. Кезінде бұл үлкен ауыл еді. Кеңшарда 12 мың мал болды. Қазақ, орыс, татар – бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік”, – дейді Краснопёровка ауылының тұрғыны Атлас Файрушин.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқартуға ұшырайтын болады.

“Бұл ауылдарда 10 адамнан кем тұрады. Орташа есеппен жалпы мысалы 3 адам тұратын бар, 5 адам тұратын бар, ауылдар бар. Осы 45 ауылдың ішінде жетеуінде мүлде тұрғын жоқ. Бұл азаматтарға басқа перспективасы жоғары ауылдарға көшуге көмек көрсетіледі”, – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Пікірлер