Қызылжар өңірінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру жоспарланды

2213
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысының орта мектептерінде оқитын бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту мәселесі шешіліп жатқаны хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы құжат толтырылып, қоғамның талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«СҚО мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» қаулы жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды. 19 маусым күні жарыққа шыққан құжат 3 шілдеге дейін талқыланбақ. Қаулыға өңір басшысы Айдарбек Сапаров қол қойған.

Мұндай шешім Қазақстан заңнамасының аясында және  Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасына сай қабылданған.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, өткен оқу жылында өңірдегі 465 білім ордасында 72 мыңнан астам оқушы болса, оның 31 180-і – бастауыш сыныпта оқыды. Бұл мектептердің 98% - 439-ында ыстық тамақ ұйымдастырылды. 2% - 11 мектепте буфет жұмыс істеді. Қызылжарда ыстық тамақ 550 теңге тұрса, аудандарда түскі ас 500 теңге болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер