Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы ауруханасында 40 жастағы қайтыс болған донордан мультиағзалық трансплантация жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімеьінше марқұмнан отбасы келісім бергеннен кейін жүрек, бауыр және екі бүйрек алынған.
Донорлық үдерісті Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығы, ННОЦ пен UMC трансплантологтары, өңірлік үйлестірушілер және барлық қажетті қызметтер бірлесіп ұйымдастырды.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл істің табысты өтуіне полиция қызметкерлерінің де үлесі зор болды – олар дәрігерлерді дер кезінде алып жүруді қамтамасыз еткен.
Ведомство бұл жағдайдың жүздеген қазақстандық науқастарға өмір сүруге жаңа мүмкіндік сыйлайтынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар