Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жаңа басшының міндеттеріне компанияны басқару және Қазақстандағы сервистердің экожүйесін дамыту кіреді.
Жаңа басшы Тимур Шалекенов Яндекс-ке келгенге дейін BTS Digital холдингі шеңберінде қаржы-техникалық бөлімшелерді басқарды: Әлеуметтік әмиян (G2C), Жедел төлемдер жүйесі, Касса24-тегі электрондық қаржы сервистері және Finnovate-тегі токенизация өнімдері.
"Менің продакт менеджменттегі бэкграундым, сондай-ақ жаңа сервистерді, өнімдерді және бизнес бағыттарын іске қосудағы тәжірибем маған Яндекс технологияларының әлеуетін тиімді пайдалануға және қазақстандықтар үшін көбірек мүмкіндіктер жасауға көмектеседі деп үміттенемін", - деді Тимур Шалекенов.
Yandex Qazaqstan жасанды интеллект технологияларының негізінде өнімдер мен сервистер жасайды. Елде компанияның 15-тен астам сервисі жұмыс істейді.