Қазақстанда 21 қараша күні дабыл сиреналары іске қосылады

155
Adyrna.kz Telegram
фото ua.depositphotos.com
фото ua.depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылғы 21 қарашада еліміздің барлық аймақтарында азаматтық қорғаныс жүйесінің дабыл сиреналары іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шара республикалық «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты өткізіледі. Оқу-жаттығулар 21-22 қараша аралығында ұйымдастырылады. Ал республикалық штаб Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасады.

Мұндай шаралар азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмысқа дайындығын тексеру және төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел ақпараттандыру мақсатында өткізіледі. Министрлік бұл тексеру жоспарлы сипатта екенін және халыққа қауіп төндірмейтінін атап өтті. Тұрғындар дабыл кезінде сабыр сақтап, ресми ақпаратты телеарналар мен радиодан тыңдауы қажет.

Пікірлер