Шымкенттік өнерпаздар Норвегияда арнайы іс-шара ұйымдастырды

549
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы байланыстырды нығайту мақсатында Шымкент қаласының өнерпаздары Норвегияның Осло және Берген қалаларында арнайы іс-шара ұйымдастырды.

2024 жылдың 13-15 қараша күндері Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған өнерпаздар Норвегия Корольдігінің Осло және Берген қалаларында өнер көрсетті.

Салтанатты шараны Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Қапанұлы Тұрсынов ресми ашып, Норвегияның бірқатар мемлекеттік министрлері, мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус пен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында қазақтың халық әндері мен күйлерінен ұсынылатын концерттік бағдарлама өткізіліп, қонақтарға Шымкент қаласының гастрономиясы таныстырылды.

Іссапар барысында делегация жетекшісі Мөлдір Оңдасынованы Елші Әділ Тұрсынов ресми қабылдап, Шымкент пен Берген қалалары арасында бауырластық  қарым-қатынас орнату мәселесі талқыланып, осы ретте жүргізілетін жұмыстардың жоспары жасалды.

Берген — Норвегияның мәдени және іскерлік орталығы. Бауырластық қарым-қатынас орнату жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мәдени-экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді.

 

 

Пікірлер