Танымал футбол сарапшысы бас бапкер Черчесовтың жұмысына пікір білдірді

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: © Reuters
Фото: © Reuters

Танымал футбол сарапшысы Александр Мостовой Станислав Черчесовтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретіндегі жұмысы туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Спорт День за Днем» басылымына сілтеп.

Сарапшының айтуынша, матч кезінде алаңға бапкер емес, ойыншылар шығады. Сондықтан ойын барысында гол соғылмауына да солар жауапты.

«Қызметтен кетуі мүмкін бе? Барлығы солай болатынын көрсетіп тұр. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бапкер кез келген қызметке келген кезде, жұмыстан босатылуға дайын болуы керек. Әсіресе, нәтиже болмаған жағдайда», – деді Мостовой.

Айта кетсек, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы бес матчтың төртеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнаған еді.

Пікірлер