Президент бірқатар елдегі елшіні ауыстырды

1332
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі елшіні тағайындады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Президент жарлықтарымен:

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер