Елімізде сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелмек

941
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты Катармен келісімді бекіткеннен кейін отандық сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелетіні айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірер күн бұрын мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады. Құжатта әскери мүлік транзитінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ қаржыландырудың, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдаланудың жаңа нормалары белгіленген.

Сонымен қатар келісімде қазақстандық сарбаздарға араб тілін үйрету де қарастырылған. Бұл сарбаздарымыздың Катар әскерилерімен өзара қарым-қатынасын жақсартуға септігін тигізеді.

Пікірлер