Танкілер және соғыс техникасы. "Мосфильм" әскери реквизитін Ресей әскеріне тапсырды

825
Adyrna.kz Telegram
Фото: Фото: AGB Photo/Imago Image
Фото: Фото: AGB Photo/Imago Image

"Мосфильм" киностудиясының бас директоры Карен Шахназаровтың айтуынша, киностудия өздерінің реквизиттік әскери техникасын Ресей қарулы күштеріне берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы dw.com-ге сілтеп.

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинге "Мосфильм" киностудиясының бас директоры және басқарма төрағасы Карен Шахназаров айтты.

Кремльдің баспасөз қызметі 13 қараша күні қарулы күштерге 28 Т-55 танкі, сегіз ПТ-76 танкі, алты БМП және сегіз тартқыш техника берілгені туралы ақпарат жариялаған. Олар "әскери-техникалық базада" сақталған.

"Мен қажеттіліктер бар екенін білдім, қорғаныс министрлігімен байланысып, сол техникаларды алып кетті", — деді режиссер әңгіме барысында.

Ал киностудияның сайтында:

"Мосфильм" сайтында "Әскери техника" бөлімінде киностудияның өндірістік кешені танк, артиллерия, автомобиль және атыс қаруымен жабдықталғаны көрсетілген. Онда 190-нан астам броньды техника, бронетранспортерлер және өздігінен жүретін қондырғылар бар, олар әртүрлі кезеңдердің шетелдік әскери техникасына ұқсас етіп жасалған. "Барлық техника реквизит (сахналық құрал) ретінде қолданылады, жұмыс жағдайында", — делінген ресейлік киностудияның сайтында.

Ресей әскерінің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғаннан бастап, Ресейде қару-жарақ жетіспеушілігі туралы хабарлар шыға бастады. Осыған байланысты Ресей қорғаныс министрлігі ескі қорларды қайта жандандыруға шешім қабылдады. Атап айтқанда, 1958-1979 жылдары шығарылған Т-55 танкі де майданға жіберілді, оны Шахназаров Путинмен әңгімеде атап өтті.

Пікірлер