Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Дүниежүзілік климат саммиті COP29 аясында Молдова президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
"Кездесу барысында Қазақстан мен Молдова арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктері, әсіресе сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар талқыланды", – деп хабарлады Акорданың баспасөз қызметі.
Майя Санду келесі жылы Молдова Республикасының Астанада елшілік ашуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қарашада Баку қаласына жұмыс сапарымен барған болатын. Бұл сапар барысында Қазақстан Президенті әлемдік көшбасшылар, халықаралық ұйымдар басшылары және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы климаттық өзгерістерге қатысты әлемдік көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі. Пленарлық сессияның ашылуында оған бірінші сөз берілді.