Әнші Қайрат Қабышев Гиннес рекордтар кітабына тоқтаусыз 100 ән айтуға өтініш берді

1106
Adyrna.kz Telegram

Шәкәрім университетінің оқытушысы, мәдениет саласының үздігі, әнші Қайрат Қабышев Гиннес рекордтар кітабына тоқтаусыз 100 ән айтуға өтініш берді. Соған арналған 12 қараша күні жолдама концерті өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақ әнінің биіктігін, сұлулығын, қазақ әншісінің дауыс қуатын дәлелдеп, көрсетпекке Гиннес рекордтар кітабына тоқтаусыз айтатын 100 әнді алдағы уақытта рекордтар кітабының өкілдері арнайы келіп тыңдайтын болады.


“1918 жылы Тәшкенде Құрманбек Жандарбеков 101 ән айтыпты деген сөз бар... Арада жүз жылдан аса уақытта осы дүние қайта жалғаспақшы... Қазақта таңды таңға ұрып ән айтқан, жыр жырлаған қаншама әншілер мен жыршылар өтті. Бұл қазіргі жыршылар арасында әлі де сақталғанмен, әншілер арасында бұлай ән айту дәстүрінің тоқтағанына біршама уақыт болды-ау! Қайрекең солардың ізін жалғап, бүгінгі жаһанданған қоғамның есіне қайта бір түсірмекші”, дейді дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман Facebook парақшасында.

 

Пікірлер