Президент ОСК-ның екі мүшесін қызметтен босатты

811
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Сәбила Мұстафина мен Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар президент жарлығымен Азамат Айманақұмов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Қызметтен босатылған Сәбилә Мұстафина 1960 жылғы 9 қарашада Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді, саясаттанушы.

Ал Петров 1969 жылы 18 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 2021 жылдан 29 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Пікірлер