Қазақстан мен Қытай арасында жаңа жүк тасымалы теміржол маршруты ашылды

155
Adyrna.kz Telegram
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа

Бүгін Пекин уақытымен сағат 11:00 шамасында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы Усу қаласынан Алматыға алғашқы жүк пойызы аттанды. Бұл пойыз Қытай-Еуропа  халықаралық теміржол жүк тасымалдары аясында жүретін алғашқы рейс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы RUSSIAN.NEWS.CN-ге сілтеме жасап.

45 контейнерге автокөлік бөлшектері тиелген пойыз «Алашанькоу» өткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтіп,  Алматы қаласына келеді.

Үрімші қаласынан шамамен 260 км қашықтықта орналасқанУсу қаласы 2024 жылдың қыркүйегінде Қытай-Еуропа тұрақты халықаралық жүк тасымалы бағытының Шыңжаңдағы жүк жөнелту пунктіне ресми түрде қосылды.

2024 жылдың қыркүйек айында Синьцзянда халықаралық Қытай-Еуропа жүк тасымалдары тұрақты маршруттарының алғашқы бекеттерінің қатарына ресми түрде қосылды. Бұл қала  тауарларды жинақтау және тарату әлеуетін ашу мақсатында таңдалып алынды.

Деректерге сүйенсек, осы айда Усу станциясынан төрт жүк пойызы шығады. Олар Алашанькоу және Хоргос теміржол өткізу пункттері арқылы өтіп, Еуропа мен Орталық Азия нарықтарына тауарлар экспорттауға арналған.

Бұл пойыздар Усу мен оған жақын аймақтарда өндірілген ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларын тасымалдау үшін тиімді және ыңғайлы халықаралық логистикалық арнаны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар Шыңжаң мен бүкіл Қытай нарығына Еуропа, Орталық Азия және басқа аймақтардан жоғары сапалы өнімдер жеткізуге көмектеседі. Бұдан бөлек, Усу станциясынан басталатын жаңа Қытай-Еуропа жүк тасымалдау маршрутының іске қосылуы аймақтық өнеркәсіптің модернизациясына, жергілікті өндірістердің құрылымын оңтайландыруға және Шыңжаңның солтүстік бөлігіндегі ішкі аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

Пікірлер